Өзімді жаңа нәрсені үйренуге құштар шәкірт сияқты сезінемін – Головкин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Танымал қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Сауль Альварес пен Даниэль Джейкобс жекпе-жегіне не үшін барғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР DAZN платформасы Геннадий Головкиннің арқасында қанша пайда тапты Головкиннің бапкері оның «Канелодан» жеңілуіне не себеп болғанын айтты Головкин-Роллс айқасының андеркартында Әли Ахмедов шаршы алаңға шығады «Мен бокс кешіне тек Джейкобс пен «Канелоны» көруге келген жоқпын. Мен осындағы ерекше атмосфераны сезініп, бокс десе ішкен асын жерге қоятын көрерменді, бокстың басы-қасында жүрген жандарды көру үшін келдім. Яғни, өзім талай рет қазанында қайнаған тіршілікті көргім келді. Оны сезіну керек», – дейді спортшы Instagram-да жарияланған видеода. «Спортшы ретінде сол нәрсені сезінсең, сенің соған мұқтаждығыңды білдіретін өзгеше сезім пайда болады. Бұл – үздіксіз жаттығып, өз мақсатыңа ұмтылуға ынталандыратын мотивациялардың бірі», – дейді GGG. Қазақстандық боксшы жаңа командадағы, жаңа бапкердің бақылауындағы жаттығу туралы да бір-екі ауыз пікір білдірді. «Командада жаңа әдіс-тәсілдер, жаңа әсер. Қазір бәріне жаңаша қарай бастадым. Әрине, бұрын дұрыс істемедік деп тұрған жоқпын. Біз өз саламызда біршама жетістіктерге жеттік. Ал мұнда басқа варианттар шығып жатыр. Мен өзімді жаңа нәрсені үйренуге құштар, бәрін байқап көргісі келетін, көбірек білуге ұмтылған шәкірт сияқты сезінемін», – дейді экс-чемпион. Еске сала кетейік, 25 сәуір күні Геннадий Головкин бұдан былай бапкері Санчеспен жұмыс істемейтінін жариялады. Содан кейін Абель Санчес жағдайға қатысты пікір білдіріп, Головкинді ашкөз деп айыптаған болатын.

About the author

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *