Қазақстан Елшісі Норвегия Короліне сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне ұлттық киіммен барды

ОСЛО. ҚазАқпарат – Қазақстанның Елшісі Еркін Ахинжанов Норвегия Короліне сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне қазақтың ұлттық киімін киіп барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ сайтына сілтеме жасап. Баспасөз қызметінің мәліметінше, Норвегияның Харальд V Короліне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі 9 мамырда Ослодағы Король сарайында өткен. Рәсімнен кейін болған аудиенция барысында Король 2001 жылғы сәуір айындағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Норвегияға жасаған ресми сапарын жылы сөзбен еске алды. Монарх, ортақ тарихты зерттеудің және спортты дамытудың маңыздылығын атап өтіп, Қазақстан мен Норвегия арасындағы жан-жақты байланыстарды нығайту қажеттілігіне ерекше көңіл аударды. Король норвегиялық конькишілер Алматыда таудағы «Медеу» мұз айдынында әлем рекордтарына ие болғандығын Норвегияда ұмытылмағанын растады. Ол Елшіліктің норвегиялықтарды Қазақстан елімен, табиғатымен, мәдениетімен, экономикалық пен инвестиция әлеуетімен жаңадан таныстыру мақсатын құптады. Харальд V Қазақстандағы саяси өзгерістер мен 9 маусымға белгіленген президенттік сайлау жайындағы ақпаратты қызығушылықпен қабыл алды. Е.Ахинжанов қазіргі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында сайлаудың адал, ашық және әділ өткізілуіне кепілдік бергенін атап өтті. «Норвегия Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқы таныған мемлекеттердің бірі болғанын еліміз ұмытпаған. Ширек ғасыр бойы Сіздің еліңіз қазақстандық реформалардың көбіне, Ұлттық қорды құруды қоса алғанда, үлгі болды. Бүгінгі күнде біз тұрақты экономика мен қоғамға ие жаппай әл-ауқатты мемлекетті құру саласындағы аса озық даму модельдерді қолдануға ынталанудамыз. Біз қызығатынымыз: жаңартылатын энергия, смарт қалалар, аквамәдени және басқа да озық салалар» – деді Еркін Ахинжанов. Сондай-ақ, елші Қазақстанның Шығыс Қытайдан Солтүстік Еуропаға конейнерлерді екі апта ішінде жеткізуге мүмкіндік беретін жаңа Жібек жолын құру шаралары туралы айтып берді. Елшінің пікірінше, Қазақстан мен Норвегияны үйлесімді, қауіпсіз әрі берекелі әлемді құруға бағытталған ортақ ынталар бірлестіреді. Ол ядролық сынақтардан аса қиянат көрген әлемдегі елдердің бірі Қазақстан екенін еске салды. Қайғылы тәжірибеге және халықтың азабына негіздене отырып, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұра етіп алған барлық ядролық әлеуетін бөлшектеу туралы тарихи шешім қабылдады. Е.Ахинжанов 29 тамызда Семей қаласының өңірінде тұңғыш ядролық жарылыс оқиғасына 70 жыл толатындығын мәлімдеді. Корольдің аудиенциясын кейін үкіметтік қабылдау үйінде сенім грамоталарын тапсыру рәсіміне орай салтанатты фуршет өтті.

Фото: NTB

 

About the author

Add a Comment

Your email address will not be published. Required fields are marked *